Отзывы

  1. жанна
    01 февраля 2017, 23:56 0
    үй салып алу үшін ақша беріледі ме?
    1. Нелли
      02 февраля 2017, 10:18 0
      Жанна, қайырлы күн!
      Үй сатып алу үшін ақша беріледі, бірақ сіздің қолыңызға емес, сатушының есеп-шотына. Сіз алдымен үйдің бағасынан 22%-ды алғашқы жарнапұл ретінде саласыз, кейін біз сізге қалған соманы қарызға береміз
    2. Жасұлан
      01 февраля 2017, 14:06(Комментарий был изменён) 0
      Саламатсыздар ма? Алғашқы жарнаны берген күнде, үйді сіздер айтып отырған 9-12 айда алатынымызға қандай кепілдік бересіздер? жалпы, алатынымызға қандай да бір кепілдік бола ма? Ал егер өздеріңізді банкрот деп жариялар болсаңыздар ше? Онда қалай болмақ? Рахмет.
      1. Нелли
        01 февраля 2017, 15:18 0
        Жасұлан!
        Біріншіден, біз ҚР Заңының негізінде жұмыс атқарудамыз, және ҚР аумағында (Атырау қаласында) заңды тұлға ретінде тіркелген мекемеміз. Тіркелу алдында Әділет Департаментіне барлық құжаттарымызды, бағдарламаларымызды ұсынып, мақұлдадық. Яғни, біздің қызметіміз заңды және ашық. Сондықтан, жалпы үйді алатыныңызға күдіктенбеңіз. Оған кепілдік болып 3 заңды құжатты — келісім-шарттарды ресімдеу табылады. Олар — алғашқы жарнапұлды салу туралы келісім-шарт, мүлікті сенімгерлік басқаруға беру келісім-шарты және қарызға ақша беру шарты. Кооператив осы шарттың қай-қайсысын да орындамаған жағдайда сіз ҚР қолданыстағы заңнамасына сай сотқа шағымдану арқылы оны жауапқа тарта аласыз.
        Екіншіден, 9-12 ай — ол шамамен есептелген уақыт, оны есептеген кезде біздің тәжірибеміз, құрылтайшылардың ресурстары, бағдарламалардың шарттары, жоспарларымыз және үлескерлердің қосылу динамикасы ескерілген. Бұл қезектің қазіргі жағдайына қатысты мерзім. Алайда, кезекте тұрған адамдар саны көбейген сайын күту уақыты да көбейеді.
        Үшіншіден, бізге банкрот болуға ешқандай негіздеме жоқ, өйткені біз ешбір қаржы институттарынан қарыз алмаймыз, ешкімге бережағымыз жоқ. Салықтарымызды уақытында төлеп, өз қызметімізді заңды түрде жүргіземіз. Сондай-ақ, «Тұтыну кооперативтер туралы» Заңына сәйкес, кооперативтер барлық үлескерлер бір уақытта кооперативтен шығу туралы арыз жазғанда ғана жойылатын мекеме. Ал біздің үй немесе көлік алған үлескерлеріміз ондай әрекет жасамайтынына сенімдіміз.
      2. жания
        31 января 2017, 23:16 0
        Райондардан үй алуға болады ма
        1. Нелли
          01 февраля 2017, 13:05 0
          Сәлеметсіз бе, Жания! Аудан орталықтарынан, ауылдардан үй алуға болады, бірақ ол үйлер келесі шарттарға сай болу керек:
          1) бағасы 3 000 000 тенгеден жоғары
          2) Саман тас, қамыс, шпал, ағаштан салған үйлер қарастырылмайды
        2. Нұрсұлтан
          31 января 2017, 11:17 0
          Салематсызба! Менде бір сұрақ мазалайды, Егерде 7000000 тенге жобасындагы үйді алар болсам. Алдын ала 1050000тенге беру керек екен. Сосын кай кезде үйді ала аламыз екен?
          1. Нелли
            01 февраля 2017, 13:01 0
            Нұрсұлтан, қайырлы күн. Бізде үй алушылардың 1 ғана кезегі бар, сондықтан, үйдің бағасына қарамаймыз, Барлық үлескерлер үшін күту уақыты бірдей. Қазір қосылатын болсаңыз,
            шамамен 9-12 ай болады.
            1. Комментарий был удален.
            2. Давран
              31 января 2017, 07:37 0
              Через каких времени получим квартиру
              1. Гумирова М.С.
                31 января 2017, 10:16 0
                Добрый день! Время ожидания на сегодняшний день составляет 9-12 месяцев

              Написать Отзыв